Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников өзін UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макрегорға теңеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Соңғы екі жеңілісімнен кейін үздік файтерлер мені жекпе-жекке шақыра бастады. Олар мені тезірек жеңгісі келетін сияқты. Әзірге мен қалпыма келмедім. Біздің дивизиондағы үздіктер көбіне солтүстік Кавказдың өкілдері. Бірақ неге екені белгісіз, олар бір-бірімен жекпе-жекке шықпайды. Мен олар үшін бұқаға арналған қызыл шүберек тәріздімін. Мен АСА-да UFC-дегі Конор Макгрегор сияқтымын. Қандай жағдай болмасын бәрі менімен жекпе-жекке шыққысы келеді!", – деп жазды Резников Instagram Stories-ке.
Еске салайық, өткен жылы Ресников екі рет жеңіліске ұшырады. Әуелі маусым айында Гран-при финалында Эдуард Вартанянмен кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. Кейін желтоқсанда АСА Гран-приінің ширек финалында Әли Баговқа есе жіберді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2067492-bari-menimen-tobeleskisi-keledi-qazaqstandyq-faiter-ozin-konor-makgregorga-tenedi/