Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған файтер қолын сындырып алды (фото)

Жарияланған күні:

Джек Делла Маддалена
Джек Делла Маддалена. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған аустралиялық файтер Джек Делла Маддалена қолын сындырып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды

Джек Делла Маддалена Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде Бразилия өкілі Гилберт Бернсті техникалық нокаутпен жеңген еді. Аустралиялық файтер осы жекпе-жекте жарақат алыпты.

"Джек Делла Маддалена жекпе-жектің басында қолын сындырып алды. Бірақ бұл жағдай оған кездесуді аяқтауға кедергі жасаған жоқ. Нағыз жауынгер! P.S. Гилберттің соққылары өте мықты!", – деп жазды Маддаленаның менеджері Тим Симпсон Instagram парақшасындағы Stories-ке.

Джек Делла Маддаленаның сынған қолының рентген суреті
Джек Делла Маддаленаның сынған қолының рентген суреті. Скриншот: instagram.com/stories/timsimpson

Айта кетейік, Маддалена UFC 299 турнирінде жеңіске жеткен соң октагонда тұрып Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырған еді. Қазақстандық файтер бұл шақыруға X желісіндегі ресми парақшасында жауап берді.

"Мен сенің батылдығың мен сенімділігіңді құрметтеймін, Джек. Бірақ сені менің осы уақытқа дейінгі қарсыластарым бастан кешкен тағдыр күтіп тұр", – деп жазды Рахмонов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2067654-savkat-raxmonovty-zekpe-zekke-saqyrgan-faiter-qolyn-syndyryp-aldy-foto/