Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұман Жұмабеков бала мен спорт арасында байланыс орнату әдісін бөлісті

Опубликовано:

Жұман Жұмабеков
Фото: Parimatch

ММА спортшысы және Parimatch амбассадоры Жұман Жұмабеков ұлының тәрбиесі туралы және бала мен спорт арасында байланыс орнату әдісін бөлісті.

- Сіздің ұл өсіріп отырсыз. Ол сіздің ізіңізбен жүріп, жекпе-жек мансабын бастауы мүмкін деген ойыңыз бар ма?

- Ол менің туған інімнің баласы. Көбісі менің ұлым деп ойлайды. Алайда ол менің інім болып келеді. Бірақ маған қатты ұқсайды.

- Баланы кез келген спорт түріне баулуды неден бастау керек деп ойлайсыз?

- Әр баланың өз таңдауы болады. Оған тек қана біздің тараптан қолдау қажет. Ал егер болашақта өз ұлым спортқа бел бұрса, мен ұлымды өз жаттығуларыман қалдырмай алып жүруші едім. Сол спортқа деген махаббатын ашу үшін. Өйткені бала сенің айтқаныңды емес, жасағаныңды қайталайды. Сол себепті осылай ұлыма үлкен спортқа жол көрсетер едім.

- Айтыңызшы, сіз қалай спортшы болдыңыз - сіздің балалық шағыңыздағы алғашқы қадамдарыңыз неден басталды?

- Мен ешқашан спортшы боламын деп ойлаған емеспін. Әрқашан әнші немесе актер боламын деп армандап жүретін едім. Бірақ спортқа ең алғаш мектеп кезінде қатыса бастадым. Содан бері спорт менің кәсібіме айналды. Спорт ол мен үшін салауатты өмір салты.

- Сізбен бірге бастағандардың арасында спорт мансабында сізден асып түсіп, ақырында спорттан бас тартқан жігіттер болды ма?

- Бұл спорт мансабымда көптеген спортшы болды. Талантты әрі мықты. Иә әрине талантты спортшыларды көп көрдім. Олар сол бір талантқа сеніп еңбек етпей жалқаулынып тастап кетіп жатқандарын көрдім. Бұл спортта бір талантыңа сеніп, алысқа шаба алмайсың. Еңбек пен төзімділікті қажет етеді.

- Егер спортшы болмасаңыз, онда қандай маман иесі болар едіңіз?

- Егер спорт болмағанда актер немесе әнші болар едім. Бірақ спортты таңдағаныма еш өкінбеймін. Спорт менің өмірім, спорт менің кәсібім.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2075496-zuman-zumabekov-bala-men-sport-arasynda-bailanys-ornatu-adisin-bolisti/

pixel