Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұман Жұмабеков: "Ең алғашқы жекпе-жегім Октагонда емес, далада көше төбелесі болған"

Опубликовано:

Жуман Жұмабеков
Жуман Жұмабеков. Фото: Parimatch

MMA файтері және Parimatch амбассадоры Жұман Жұмабеков ММА-дегі дебютінен алған эмоциялары мен жекпе-жек саласындағы өз мансабы жайлы айтып берді.

Осы спорт түріне қалай келдіңіз?

– Мен спортты 6-сыныпта қазақша күрес үйірмесінен бастағанмын.

Бұл сіздің өмір жолыңызға айналуы мүмкін екенін қашан түсіндіңіз?

– Одан өсе келе 23 жасымда бокс үйірмесіне бардым, содан бері ережесіз жекпе-жек түрінен өнер көрсетіп келемін.

Алғашқы жекпе-жегіңіз есіңізде ме (мүмкін бала кезіңізде, әрине ММА-ге дейін)? Ол туралы жадыңызда қандай естеліктер бар?

– Иә, мен үшін ең қызықты тарихи жекпе-жегім ол Найза лигасындағы әлем чемпиондығы белбеуі үшін таласқан жекпе-жек болатын. Қарсыласым Ресей жауынгері Вадим Малыгин деген жігіт еді. Нағыз нокаутер мықты жігіт.

Балалық шақтағы алғашқы жекпе-жек (дәлірек айтқанда, төбелес) есіңізде ме?

– Иә, ең алғашқы жекпе-жегім Октагонда емес, далада көше төбелесі болған.

Ол жерде інімді ренжіткені үшін, інімнің кегін аламын деп бірге-бір шығып соққыға жыққан болатынмын. Міне ең алғаш дала төбелесі осылай, менің есімде қалып қойған.

Алғашқы кезеңдегі ең жарқын жеңіс және көңіліңізге ең қатты тиген жеңіліс туралы айтып берсеңіз?

– Міне сол сайыста мен қарсыласымды нокаутпен ұтып, Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатынмын. Және де сол 61.200 кг салмағының су жаңа чемпионы атандым. Осы жекпе-жек мен үшін тарихи болып өтті. Ал ең ауыры, сол белбеуді қорғаған жекпе-жек еді. Қарсыласым қырғыз спортшысы болатын. Сол сайыста ауыр нокаутқа түстім. Өмірімде ең ауыр кезеңдер сол кезде болды. Уақыт өте келе бәрі өз қалпына түсті. Ол жеңілістен сабақ алып, арада үзілістер жасап, екі есе мықты болып оралдым. Мен үшін бұл жекпе-жек өмірлік сабақ болды

ММА-дегі дебютіңізден қандай сезімдерге бөлендіңіз?

– Иә, ең алғашқы дебютім 2013 жылы найза лигасында өтті. Әрине жекпе-жек алдында қобалжыдым, өйткені кәсіби спортшылар арасында өнер көрсетуге тиіс едім. Бірақ сол күні жекпе-жекті уақытынан бұрын ауыр нокутпен ұттым. Әрине менің қуанышымда сол күні шек болмады. Бұл да мен үшін тарихи күн.

Алғашқы алған жарақат қандай болды, одан қалай айықтыңыз?

– Ең алғашқы үлкен жарақаттарымның бірі, ол қырғыз спортшысына қарсы жекпе-жекте болған. 1-раундта сол қолымды сындырып, 3-раунд бойы сол сынған қолмен төбелесіп шыққан болатынмын. Өте қиын жарақат болды. Бірақ, соған қарамастан намысқа тырысып шайқасты аяғына дейін өткіздім.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2091233-zhuman-zhumabekov-eng-algashqy-zhekpe-zhegim-oktagonda-emes-dalada-koshe-tobelesi-bolgan/

pixel