UFC промоушенінің комментаторы Джон Аник әлеуметтік желіде Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақ дивизионында титулды жекпе-жек туралы қызықты жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бұл салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу британиялық файтер Леон Эдвардсқа тиесілі. Титулдық жекпе-жекке бейресми үміткер – Белал Мұхаммед. Ол дивизиондағы үздік файтерлер арасында 2-орында (Шавкат Рахмонов үшінші).
"Англиядағы Манчестер қаласына билет сатып алдым. Сол жерде кездескенше, Белал Мухаммад", - деп жазды Аник өзінің X парақшасында.
Айта кетейік, UFC 304 турнирі Манчестерде 28 шілдеде өтеді. Кештің карды әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Десе де Джон Аниктің сөзіне сүйенсек, Мұхаммед негізгі кардта Эдвардспен жекпе-жекке шығады. Сондай-ақ бұл жекпе-жек туралы UFC лигасынан ресми мәлімдеме болмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2101076-shavkat-rahmonovtyng-divizionynda-tituldy-zhekpe-zhek-bolady-degen-aqparat-paida-boldy/