Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

15 маусымда Асу Алмабаев АҚШ-та UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегін өткізеді. Ол UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонмен кездеседі. Алмабаев пен Джонсонның жекпе-жегі турнирдің басты кардында өтпек.

UFC Vegas 93 турнирінің басты карды төмендегідей:

  • Алекс Перес және Тацуро Тайра;
  • Андре Мунис және Икрам Алискеров;
  • Лукас Алмеида және Тимоти Куамба;
  • Майлс Джонс және Дуглас Силва де Андраде;
  • Асу Алмабаев және Хосе Джонсон;
  • Гарретт Армфилд және Брэди Хистэнд.

Еске салайық, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегінде АҚШ өкілі Си Джей Вергарамен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңген еді. Осылайша кәсіби мансабындағы он тоғызыншы, ал UFC-дегі екінші жеңісіне ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2106228-asu-almabaev-algash-ret-ufc-ding-basty-kardynda-oner-korsetedi/