jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев: instagram.com/asu_zulfikar57

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Асу Алмабаев Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирі аясында кездесу өткізді. Оның қарсыласы АҚШ өкілі Си Джей Вергара болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық файтер төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30:27, 30:27, 30:27). Осылайша Алмабаев кәсіби мансабындағы он тоғызыншы, ал UFC-дегі екінші жеңісіне ие болды. Ал Си Джей Вергара мансабында бесінші рет жеңіліс тапты.

    Еске салайық, Асу Алмабаев өткен жылы тамыз айында UFC-де дебют жасаған еді. Ол кезде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері америкалық файтер Оди Осборнды (12-6) екінші раундта сабмишн әдісімен ұтты.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегіне дайындалып жатқанын жазғанбыз. Ол Си Джей Вергараға қарсы кездесуге "Жұмыр қылыш" күйімен шығатынын айтқан еді.

    Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.