Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC-мен келісімшарт жасасуға үмітті қазақстандық файтердің қарсыласы анықталды

Жарияланған күні:

Дияр Нұрғожай мен Бартош Шевчик
Дияр Нұрғожай мен Бартош Шевчик. Скриншот: instagram.com/alashsporty

Әйгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожайдың Dana White's Contender Series турниріндегі қарсыласы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Дияр Нұрғожайдың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дияр Нұрғожайдың қарсыласы – 26 жастағы поляк Бартош Шевчик. Ол өзінің спорт мансабында 8 рет жеңіске қол жеткізіп, 2 рет жеңіліс тауып, 1 жекпе-жекте тең нәтижені қанағат тұтқан. Бартош Шевчик – FEN (Fight Exclusicve Night) ұйымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы.

27 жастағы қазақстандық ММА файтері Дияр Нұрғожай мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен. Сонымен қатар бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған Eagle FC лигасында 2022 жылдың тамызында чемпион атанды. Мамыр айында Дияр UAE Warriors промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, онда ол аргентиналық Эмилиано Сордиді екінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Dana White's Contender Series турнирінде жеңіске жеткен файтерлер әлемнің үздік промоушені UFC-мен келісімшартқа отыру мүмкіндігіне ие болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2128962-ufc-men-kelisimshart-zhasasuga-umitti-qazaqstandyq-faiterding-qarsylasy-anyqtaldy/