Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та панасыз қалғанын айтқан қазақстандық файтер UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізбекші

Жарияланған күні:

Мария Агапова
Мария Агапова. Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мария Агапова 14 шілдеде АҚШ-тың Денвер қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінде жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы – бразилиялық спортшы Луана Сантос. Кездесу аса жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Агапова жекпе-жегі алдында Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялады. Ол "Бүкіл ақшаны алып кетейік", - деп жазды.

Еске салайық, Мария мамырда АҚШ-та панасыз қалғанын айтып, үйсіздерге арналған баспана іздеуге мәжбүр екенін мәлімдеген еді. Агапова UFC октагонына соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде шықты. Бұл кезде ол канадалық спортшы Джиллиан Андерсоннан жеңіліп қалған болатын. Осыған дейін қазақстандық файтер UFC турнирінде барлығы бес жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2132310-aqsh-ta-panasyz-qalganyn-aitqan-qazaqstandyq-faiter-ufc-degi-altynshy-zhekpe-zhegin-otkizbekshi/