Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйсіздерге арналған баспана іздеймін": UFC-дегі қазақстандық файтер АҚШ-та панасыз қалғанын айтты

Жарияланған күні:

Мария Агапова
Мария Агапова. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

UFC промоушенінде өнер көрсететін жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова АҚШ-та панасыз қалды. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бір аптадан кейін үйсіз қалатын шығармын. Таңғалып тұрсыздар ма? Ал мен таңғалмаймын. UFC жекпе-жегінің алдында үйсіз қалу – менің Америкадағы классикалық өмірім. Келесі аптадан бастап мен үйсіздерге арналған баспана іздеймін. Өйткені, адамдарға сенуден қалдым.

Пәтер жалдауға ақшам жоқ. Адамдар мені қанап жатыр. Сондай-ақ олар менің жеке өміріме де қол сұғып келеді. Көмектесе алатын қайырымдылық ұйымдарын білсеңіздер жазып жіберіңіздер, мен Флорида штатындамын", - деп жазды Агапова.

27 жастағы Мария Агапованың (10-4) UFC-дегі кезекті жекпе-жегі 13 шілдеге жоспарланған. Ол Бразилия өкілі Луана Сантоспен (7-1) UFC Fight Night турнирінде кездеседі.

Агапова UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізді. Бұл кездесуде ол канадалық спортшы Джиллиан Андерсоннан жеңіліп қалған еді. Марияның қарсыласы екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтты. Агапова UFC турнирінде барлығы бес жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2103590-uisizderge-arnalgan-baspana-izdeimin-ufc-degi-qazaqstandyq-faiter-aqsh-ta-panasyz-qalganyn-aitty/