Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов: Асу Алмабаевқа футболшыларға бөлініп жатқан миллиардтарды беріңдер

Жарияланған күні:

Қуат Хамитов
Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов UFC промоушенінде өнер көрсететін файтер Асу Алмабаевты қолдау керек екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесі бойынша түзілген рейтингте үздік 15 файтердің қатарына енді. Асу бұл әлемдік промоушенде үш жекпе-жекке шығып, үшеуінде де жеңіске жетті.

"Жігітке футболшыларға бөлініп жатқан миллиардтарды беріңдер! Біздің жігіттер ешқандай қолдаусыз биік белестерді бағындырып жүр!", - деп пікір қалдырды Қуат Хамитов Instagram желісіндегі kzsports парақшасында жарияланған хабарламаға.

Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамызында жасады. Бірінші жекпе-жегінде қазақстандық файтер америкалық Оди Осборнмен (12-7) кездесіп, жеңіске жетті. Содан кейінгі кездесулерінде Асу Алмабаев Си Джей Вергару (12-5-1) мен Хосе Джонсоннан (16-9) басым түскен болатын.

Парақшаның пікірлер бөлімі
Парақшаның пікірлер бөлімі. Скриншот: instagram.com/kzsports

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2136054-quat-hamitov-asu-almabaevqa-futbolshylarga-bolinip-zhatqan-milliardtardy-beringder/