Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 сағат бұрын анамнан айырылдым": қазақ файтері суық хабар естігеніне қарамастан жекпе-жекке шықты

Жарияланған күні:

Ернат Түгелбеков
Ернат Түгелбеков. Скриншот: youtube.com/@NomadFightingChampionshipKZ

Қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков анасы қайтыс болғанын естігеніне қарамастан жекпе-жекке шығып, ресейлік спортшы Кирилл Самбросты жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Екі файтер Nomad Fighting Championship лигасының турнирінде кездесті. Үш раундқа созылған бәсекеде Ернат Түгелбеков төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін қазақстандық файтер жеңісін марқұм анасына арнайтынын айтты.

"Қарсыласыма алғыс айтамын. Осы жеңісімді анама арнаймын. Үш сағат бұрын суық хабар келген. Таңертең анам өмірден өтті. Анашым, жаның жәннатта болсын. Ақша керек болды, сондықтан жекпе-жекке шығуға тура келді. Анам жеті жыл қатерлі ісік ауруымен ауырды. Дертінен жазылғаннан кейін, Меккеге, Дубайға апарғым келген. Жеті жыл қиналды, қатты ауырды. Қыдыртамын деп едім", - деді спортшы көз жасына ерік беріп.

Еске салайық, қазақстандық спортшы Анар Сейтімова Азия чемпионатындағы жеңісін марқұм әкесіне арнағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2137965-3-sagat-buryn-anamnan-aiyryldym-qazaq-faiteri-suyq-habar-estigenine-qaramastan-zhekpe-zhekke-shyqty/