Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Асу Алмабаев UFC рейтингінде көтерілді

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушенінің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде бір сатыға көтерілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін Асу Алмабаев рейтингте 15-орында тұрған еді. Ол 6-сатыда болған файтер Мухаммед Мокаевтың промоушеннен кетуіне байланысты 14-орынға жоғарылады.

Айта кетейік, Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 20 қазанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізеді. Қазақстандық файтер 31 жастағы бразилиялық спортшы Матеус Николаумен (19-4-1) кездеседі.

Алмабаев соңғы рет октогонға 16 маусымда АҚШ-тағы UFC on ESPN 58 турнирінің басты кардында шықты. Ол америкалық файтер Хосе Джонсонмен кездесіп, төрешілердің шешімімен басым түскен болатын. Осылайша қазақстандық файтер MMA-дағы жиырмасыншы, ал UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Еске салайық, Асу Алмабаев UFC рейтингінің жоғары сатысында тұрған жауынгермен кездескісі келетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2141943-resmi-asu-almabaev-ufc-reitinginde-koterildi/