Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев қазан айында кездесу өткізеді: қарсыласы рейтингте өзінен жоғары тұр

Жарияланған күні:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-дің жеңіл салмақтағы файтері Асу Алмабаев 19 қазанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night турнирінде бразилиялық Матеус Николаумен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ файтердің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері әлеуметтік желідегі парақшасында бұл кездесудің өтетіні жөнінде арнайы фото салып: "Келесі аялдама", - деп жазба қалдырған.

Рейтингте 14-орында тұрған Асу Алмабаев соңғы рет октагонға биылғы жылдың маусым айында UFC on ESPN 58 турнирінде шыққан болатын, онда Хосе Джонсонды (20-2) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.

Рейтингте 8-орында тұрған Матеус Николау соңғы жекпе-жегін биылғы жылдың сәуір айында UFC on ESPN 55 турнирінде өткізді, онда Алекс Перезге қарсы шығып, екінші раундта нокаутқа түсіп жеңілді. Николау мансабында 19 жеңіске жетіп, 4 жеңіліске ұшырап, 1 тең нәтижеге қол жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2142972-asu-almabaev-qazan-aiynda-kezdesu-otkizedi-qarsylasy-reitingte-ozinen-zhogary-tur/