Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конор Макгрегор келесі жекпе-жегін қашан өткізеді: UFC президенті жауап берді

Жарияланған күні:

Конор Макгрегор мен Дана Уайт (солдан оңға қарай)
Конор Макгрегор мен Дана Уайт (солдан оңға қарай). Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC/Zuffa LLC via Getty Images

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтер Конор Макгрегор қашан жекпе-жек өткізетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ESPN телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз сөйлестік, ол жекпе-жекке шыққысы келеді. Біз бұл мәселені шешеміз. Алайда ол биыл жекпе-жекке шықпайды", - деді Дана Уайт ESPN-ге берген сұқбатында.

Дегенмен, Конор Макгрегор Х желісіндегі ресми парақшасында желтоқсан айында жекпе-жек өткізгісі келетінін және қыркүйекте дайындықты бастап кететінін мәлімдеді.

"Аһ, Дана, жекпе-жекті желтоқсан деп белгілейік. Келесі айда мен дайындықты бастаймын. Желтоқсан! Дана мен UFC-ге желтоқсан айында кездесуге шыққымыз келетінін айтыңдаршы. Біз желтоқсан айында жекпе-жекке шығуға әбден лайықпыз", - деп жазды Конор Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында.

Конор Макгрегор 2021 жылдың шілдесінде Дастин Порьемен кездесуде аяғын сындырғаннан бері жекпе-жек өткізбеді. Файтер биылғы жылдың 29 маусымында UFC 303 турниріне Майкл Чендлерге қарсы кездесу өткізбек болған, бірақ Макгрегор саусағын сындырып алып, жекпе-жекке 16 күн қалғанда бас тартуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Конор Макгрегор осы уақытқа дейін 28 кездесу өткізіп, 22 жеңіске жетсе, 6 рет жеңілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2148885-konor-makgregor-kelesi-zhekpe-zhegin-qashan-otkizedi-ufc-prezidenti-zhauap-berdi/