Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұрақ туындамауы керек": Шавкат Рахмонов UFC титулы үшін жұдырықтасуға лайық екенін айтты

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) дивизионның қазіргі чемпионы Белал Мухаммедпен (24-3) титул үшін жұдырықтасуға лайық екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Белал Мухаммед MMA Junkie-ге берген сұқбатында биыл 7 желтоқсанда чемпиондық атағын қорғайтынын мәлімдеген еді. Ол өзіне қарсылас ретінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты немесе нигериялық Камару Усманды (20-4) қарастыратынын айтты.

Бірақ Рахмонов нигериялық файтер соңғы үш жекпе-жегінде жеңіліп қалғанын еске салды. Ал Шавкат 18 жекпе-жектің бәрінде мезгілінен бұрын жеңіске жеткен.

"18-0 рекорды және мезгілінен бұрын 100% жеңіс пе, әлде соңғы үш жекпе-жектегі жеңіліс пе? Менің ойымша, титул үшін келесі кім төбелеседі деген сұрақ туындамауы керек", - деп жазды Рахмонов X желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2152437-suraq-tuyndamauy-kerek-shavkat-rahmonov-ufc-tituly-ushin-zhudyryqtasuga-laiyq-ekenin-aitty/