Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманым орындалды": қазақстандық жауынгер қыз ел ММА спортында тарихи жетістікке жетті

Жарияланған күні:

Alash Pride лигасының тарихында алғаш рет әйел спортшы чемпион атанды
Alash Pride лигасының тарихында алғаш рет әйел спортшы чемпион атанды. Фото: gov.kz

Ақтөбеде аралас жекпе-жектен өткен Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирінде қазақстандық спортшы Зәмзәгүл Файзолланова жеңіске жетіп, лига тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі армия орталық спорт клубының спортшысы капитан Зәмзәгүл Файзолланова өзбекстандық Ходжонисо Комолдиновамен жекпе-жекке шықты. 77 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы қарсыласын бірінші раундта сабмишнмен жеңді.

"Мен өз күшіме сенімді болдым. Бұл турнирге де тек жеңіске жету үшін келдім. Менің мақсатым алғашқы әйел чемпион болу еді. Ол арманым орындалды. Армия Орталық спорт клубына маған қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын", - деді Зәмзәгүл Файзолланова.

Айта кетейік, Зәмзәгүл Файзолланова Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс жүлде иеленген еді. Ол финалдық белдесуде италиялық Бетти Вукке есе жіберген болатын.

Alash Pride FC 100 турнирінде қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов та жеңіске жетіп, Аlash Pride лигасының жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атанды. Исмағұлов бразилиялық Обердан Тенорионы бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2164588-armanym-oryndaldy-qazaqstandyq-sportshy-qyz-el-mma-sportynda-tarih-zhasady/