Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атамды күтіп аламын": қазақстандық файтер Тони Фергюсонмен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Жарияланған күні:

Тони Фергюсон
Тони Фергюсон. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-дің жұлдызы, әйгілі файтер Тони Фергюсон (25-11) келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізуі мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

UFC промоушенінде өнер көрсеткен файтер Тони Фергюсон келесі жекпе-жегін 2 қарашада Қазақстанда Dala Fighting Championship (DFC) лигасы аясында өткізуі мүмкін. Оның қарсыласы қазақстандық спортшы Василий Тахтай (9-0) болмақ.

DFC лигасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында қос файтерге ұсыныс жасағанын жазды. Әзірше ешқандай ресми келісім болмады.

"2 қараша. Астана. "Жекпе-жек" сарайы. Жартылай орта салмақтағы кездесу. Жауынгерлер өте қызық ұсыныс алды. Бұл жекпе-жекті көргіңіз келе ме?", - делінген DFC лигасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Жекпе-жектің анонсы жарияланған жазбаның астына қазақстандық файтер Василий Тахтай пікір қалдырды.

"Атамды 2 қараша күні Астанада күтіп алуға дайынмын", - деп жазды Василий.

Айта кетейік, Тони Фергюсон UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша титулын иеленген. Ал қазақстандық Василий Тахтай өз мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2171518-atamdy-kutip-alamyn-qazaqstandyq-faiter-toni-fergiusonmen-zhekpe-zhekke-shyguy-mumkin/