jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақтар құралақан емес": Дияр Нұрғожай шетелдіктердің қазақстандық файтерлер туралы көзқарасын айтты

    Дияр Нұрғожай
    Дияр Нұрғожай. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай АҚШ-тағы жауынгерлердің қазақстандық спортшыларға деген көзқарасы туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Шавкат пен Асу ұзақ уақыттан бері Kill Cliff залында жаттығып жүр. Біз залға Қазақстан туын алып кірдік. Сол кезде файтерлер бізді жылы қарсы алып: "О, Қазақстаннан қонақтар келді", - деп айтты. Олар Шавкаттың өте жоғары деңгейде жаттығатынын, оның шеберлігін көріп жүр. Яғни қазақтардың құралақан емес екенін біледі. Біз мұны спаррингтерде де іс жүзінде дәлелдедік. Қай жерде болсам да, елім үшін барымды салып, соңына дейін күрестім", - деді Дияр Нұрғожай Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында.

    Айта кетейік, 2 қазанда қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-мен келісімшартқа отыруға мүмкіндік беретін Dana White’s Contender Series турнирінде польшалық Бартош Шевчикпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

    "Қазақтар құралақан емес": Дияр Нұрғожай шетелдіктердің қазақстандық файтерлер туралы көзқарасын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.