jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Ислам Махачев пен Хамзат Чимаев": Шавкат өзі мойындайтын файтерлердің есімін айтты

    Хамзат Чимаев
    Хамзат Чимаев. Фото: GIUSEPPE CACACE/AFP via Getty Images

    Шавкат Рахмонов ТМД мемлекеттеріндегі үздік бес файтердің есімін атады. Сондай-ақ қандай жауынгерлердің өнерін тамашалағанды ұнататынын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі Hustle.show арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Сондай-ақ қандай жауынгерлердің өнерін тамашалағанды ұнататынын айтып берді.

    "Қазір көптеген жақсы жауынгерлер бар. Егер 65 кг салмақ санатынан айтатын болсақ, Илиа Топурияны атауға болады. Ол керемет қозғалады, соққылары нақты. Мовсар Евлоев те жақсы жауынгер. Оның функционалды дайындығы, тыныс алуы, жекпе-жектің қарқыны қандай екенін көрсеңіз, олардың жекпе-жегі өте қызықты болар еді. Екеуі де жас әрі мықты спортшылар. Бұл маған қызықты болар еді. 70 килограмм салмақта жас жауынгерлер көп емес, ол жақта негізінен тәжірибелі спортшылар. Ал 77 килограмм салмақта жаңа буын келіп жатыр. Мысалы, Джек Делла Маддалена, Иэн Гэрри. Бұл салмақта көптеген жақсы үміткерлер бар", - деді Шавкат Рахмонов.

    Ол өзі мықты деп есептейтін жекпе-жек шеберлерінің есімін атап өтті.

    "Ислам Махачев қазір нөмір бірінші. Содан кейін Мовсар немесе Умар Нурмагомедов, екеуі де мықты. Үшінші – Хамзат Чимаев, деп ойлаймын. Төртінші – Петр Ян. Бесінші орынға, бәлкім, Арман Царукянды қояр едім", - деді Шавкат Рахманов.

    Ал қазақстандық файтер өзінің нешінші орында тұрғанына қатысты пікір білдірді.

    "Шынымды айтсам, білмеймін. Ештеңе айта алмаймын. Жай ғана үнсіз жеңемін, болды", - деп жауап берді Шавкат Рахмонов.

    Айта кетейік, UFC президенті Дана Уайт Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кеште кездесетінін мәлімдеді.

    "Ислам Махачев пен Хамзат Чимаев": Шавкат өзі мойындайтын файтерлердің есімін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.