jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмоновтың UFC 310 турниріндегі қарсыласы анықталды

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Mike Roach/Zuffa LLC via Getty Image

    UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Dar Team командасы Instagram-дағы парақшасында Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі туралы ақпарат жариялады. Рахмонов 8 желтоқсанда уақытша UFC белбеуі үшін ирландиялық Иан Гэрримен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек Лас Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінің басты оқиғасы болмақ.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Шавкат Рахмоновтың UFC 310 турниріндегі қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.