RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Еркебұлан Тоқтар ресейлік спортшыны бір минуттың ішінде нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті (видео)

Жарияланған күні:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: instagram.com/nomadfighting

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері және актер Еркебұлан Тоқтар ресейлік Фарид Ядуллаевпен Nomad Fighting турнирі аясында кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 30 қарашада Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен Nomad Fighting турнирі аясында қазақстандық Еркебұлан Тоқтар ресейлік Фарид Ядуллаевпен кездесті. Нәтижесінде Еркебұлан Тоқтар ресейлік қарсыласын бірінші раундтың бірінші минутында нокаутқа түсірді.

Қос спортшы былтыр 11 маусымда Nomad Fighting Championship лигасы аясында кездескен болатын. Бұл кездесуда Фарид Ядуллаев төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жеткен еді.

Nomad Fighting Championship лигасының бұл кешінде 12 жекпе-жек өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық спортшы Мұратбек Қасымбай мен ресейлік Иса Исаев кездеседі.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар мансабында 12 жекпе-жек өткізіп, 9 мәрте жеңіске жетсе, 3 рет жеңіліс тапқан. Соңғы рет ол биыл 2 қарашада Dala Fighting Championship турнирі аясында мысырлық Хайтам ЭльСайедті техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал ресейлік Фарид Ядуллаев мансабында 26 кездесу өткізіп, 11 мәрте жеңіске жетсе, 14 рет жеңіліп қалған, 1 мәрте тең түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2194632-erkebulan-toqtar-byltyr-ese-zhibergen-reseilik-faiterdi-ekinshi-kezdesude-zhengdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif