jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінде жекпе-жекке шықпайтын болды

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

    Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев жарақатына байланысты 28 ақпанда Мехико қаласында өтетін UFC турнирінің басты кездесуіне қатыспайды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

    Басылым америкалық инсайдер Кевин Крэйздің ақпаратына сілтеме жасап отыр. Оның мәліметіне сүйенсек, Асу Алмабаев UFC экс-чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жегінен бас тартқан.

    Жекпе-жек 28 ақпанда Мехико қаласында өтетін UFC Mexico турнирінің басты оқиғасы болуға тиіс еді.

    Әзірге кештің басты жекпе-жегінде Алмабаевтың орнын кім басатыны белгісіз. Бұл жекпе-жек қазақстандықтың мансабындағы ең ірі жекпе-жек болар еді.

    Ал Telegram-дағы "Спорт Шредингера" арнасының хабарлауынша, Dar Team бапкері Эдуард Базров Асудың турнирге қатыспайтынын растаған. Бапкердің айтуынша, жауынгер жаттығу кезінде қолын сындырып алған.

    Естеріңізге сала кетейік, жақында Дохада өткен турнирде Асу Алмабаев америкалық Алекс Пересті үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Бұл қазақстандық спортшыға бір саты жоғарылауға, жеңіл салмақта (56,7 келіге дейін) жетінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

    Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінде жекпе-жекке шықпайтын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.