jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Асу Алмабаев алған жарақаты туралы мәлімдеме жасады

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: instagram.com/asu_zulfikar57

    Ең жеңіл салмақтағы ММА шебері, үздік қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев Мексикадағы турнирдің басты бәсекесінен бас тартуға себеп болған жарақаты туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Асу Instagram желісіндегі парақшасында қолына гипс салынған сәтінен фото жариялап, болған жайт туралы айтты.

    "Жағдай осылай, ұшуымызға екі күн қалғанда қолдан жарақат алып қалдық. Жарақат айтып келмейді. Кіммен шықсам да, қандай жағдай болмасын, жекпе-жектен ешқашан бас тартып көрмедім. Дайындық жақсы деңгейде болып жатқан. Болар іс болды, қанша жер тепкілесең де жайтты өзгерте алмаймын", - деді Асу Алмабаев.

    Боксшы келісімшарт бойынша әлі бес жекпе-жек өткізуі керек екенін және келісім мерзімі ұзартылғанын айтты.

    "Әлі талай қызықты майдан күтіп тұр", - деді ол.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін Асу Алмабаев жарақатына байланысты 28 ақпанда Мехико қаласында өтетін UFC турнирінің басты кездесуінде Брэндон Мореномен жекпе-жекке шықпайтыны белгілі болды.

    Асу Алмабаев алған жарақаты туралы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.