jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ТС
    Тилеген Султан
    Бұрынғы қызметкер

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм жарыққа шықты

    : Facebook

    «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен «Бекзат» көркем фильмі түсірілді. Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановқа арналған фильм бүгіннен бастап, еліміздің үлкен экрандарынан көрерменге жол тартады.

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында
    : Facebook

    Картинада Бекзаттың өмірі мен спорттағы жетістігі суреттеледі. Туындының режиссері - Мұрат Бидосов, сценарийін Сержан Закерұлы жазған. «Бекзат» драмасын 3 қазаннан бастап,яғни бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында
    : Facebook

    Туындының сюжеттік желісінде Бекзат Саттарханов өмірінің үш кезеңі қамтылады. Балалық шағы, боз бала кезеңі және өмірінің соңғы сәті. Бекзаттың балалығы 90 жылдардың басындағы қиын-қыстау заманға тап келеді. Картинада Түркістан қаласындағы темір жолды бойлай орналасқан шағын ауылдың қарапайым тіршілігі Бекзаттың балалық шағымен суреттеліп отырады. Оның арманы, намысқой бітімі фильмнің өн бойында сыналып отырады.

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында
    : Facebook

    Бірде ата-анасы Бекзатты күреске қатыссын деп бапкерге апарады. Онда Бекзат өзінің сергектігімен көзге түседі. Дегенмен күреске қатысқан баланың бойы өспей қалады деген түсінікпен оны боксқа ауыстырады. Бапкерімен танысқан күннен бастап, бұл спорт түріне ерекше зейіні ашылған Бекзат - күн сайын ерінбей жаттығып, алғаш рет Түркістанда өткен сайыста жүлделі орынға ие болады.

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында
    : Facebook

    Боз бала шағында Германияда өткен турнирде топ жарып, бапкерлер олимпиядаға даярлау жаттығуларына қабылдайды. 1999 жылы Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге ие болып, олимпияда ойындарына жолдама алады. Солай 2000 жылы Сиднейде тартысты ойындар өткізіп, алтын медальдың иегері атанады.

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында
    : Facebook

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында
    : Facebook

    «Бекзат» драмасының түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстамбұл қалаларында өткен. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов сомдайды. Ол 2006-2007 жылдары кикбокстан жастар арасында екі рет Қазақстан чемпионы болған.

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында
    : Facebook

    Сонымен қатар туындыдан Ғалымбек Оспанов, Мұрат Жарылқасынов, Майра Мақұлбекова, Дулыға Ақмолда, Қуаныш Мұқатай, Бақдаулет Шаймахан және басқа да актерлерді көре аласыздар.

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм еліміздің кинотеатрларында
    : Facebook

    Бекзат Саттарханов туралы «Бекзат» көркем фильмін 3 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларынан тамашай аласыздар.

    *PR құқығында

    Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм жарыққа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.