jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда жазғы Олимпиада ойындары көрсетілмеуі мүмкін

    Олимпиада ойындары11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Елімізде жақында Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарынан тікелей трансляция жүргізілмеуі мүмкін. Мән-жайды "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі түсіндірді.

    "XXXII жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты көрермендер мен әріптестерімізден келіп түсіп жатқан сауалдарға байланысты келесіні хабарлаймыз.

    Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялар құқығы "Dentsu Inc." компаниясына тиесілі. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ""Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" телеарналары арқылы жазғы Олимпиаданы ел аумағында көрсету бойынша келіссөздерді 2019 жылы бастаған болатын.

    Тараптар әзірге ортақ келісімге келе алған жоқ. Екіжақты келісімнің ұзаққа созылу себебі, құқық иесінің лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынуы.

    Қазіргі кезде "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" телеарналары қазақстандық спортшыларды қолдау және отандық көрермендерге Олимпиададан жедел ақпарат ұсыну бойынша жан-жақты әзірлік жұмыстарын жүргізуде. Телеарналардың Ұлттық Олимпиада комитеті мен шетелдік ірі ақпарат агенттіктерінен фото, видеоматериалдар алу мүмкіндігі қарастырылған", - дейді "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі.

    Айта кетейік, XXXII жазғы Олимпиада ойындары Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы спорттың 27 түрінен сынға түседі.

    Қазақстанда жазғы Олимпиада ойындары көрсетілмеуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.