jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Айттым сәлем, Қаламқас": Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Бейжіңде Абайдың әніне биледі

    Мәнерлеп сырғанау
    фото: rus.lsm.lv

    Бейжің Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сын бәсекелері өтіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Олимпиада төрінде Абайдың "Айттым сәлем, Қаламқас" әні де шарықтады.

    Қысқы бағдарламада сынға түскен латвиялық Денис Васильев жарысты осы әуенмен бастады.

    Атап айтар болсақ, Васильев Карл Дженкинстің "Sarakiz" және "Мононоке ханшайым" саундтрегі "The Battle Drums"-ті қысқы бағдарламаға таңдаған.

    Түрлі әуендердің жиынтығынан құралған туынды Абай әнінен бастау алған. Мұны жарыс комментаторлары да атап өтті.

    Айта кетелік, Денис Васильев 1999 жылы Латвияда дүниеге келген. Ол жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері. Латвия біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы және Таллинде өткен Еуропа чемпионатының қола медаль иегері.

    Назарларыңызға Денистің биылғы Еуропа чемпионатындағы қысқа бағдарламасын ұсынамыз:

    "Айттым сәлем, Қаламқас": Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Бейжіңде Абайдың әніне биледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.