jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Сурдолимпиаданың қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова дүниеден озды

    Ләззат Бақтиярова
    Ләззат Бақтиярова. Фото: t.me/abainewskz

    Семейде Сурдолимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова мезгілсіз дүниеден озды. Бұл туралы Abai News порталы жазды.

    Семейлік қыз есту қабілеті нашар спортшы ретінде түрлі әлемдік турнирлер мен дзюдо чемпионатында еліміздің намысын қорғаған болатын.

    Ол әлем чемпионатының, XXIV жазғы сурдолимпиада ойындарының және бірінші Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері атанды.

    "Өзінің нәзіктігіне қарамастан, бойжеткен спортта биік белестерді бағындырды, одан да биік шыңдарды бағындырады деген үмітте едік", - делінген хабарламада.

    Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

    Айта кетейік, бұған дейін 9 маусымда қала әкімі спортшыға тұрғын үй қорынан "Қарағайлы" ықшамауданында орналасқан жаңа пәтердің кілтін табыстаған болатын.

    Сурдолимпиаданың қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова дүниеден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.