jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындары: Париж Олимпиадасының жолдамасы қоржынға түсті

    Елена Потапенко
    Елена Потапенко. Фото: Нұрғали Жұмағазы/Спортты дамыту дирекциясы

    Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы бірінші лицензияға иелік етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Елена Потапенко алғашқы бестікке енді.

    Бұл бәсекеде чемпиондық атақты қытайлық спортшы иеленсе, күмісті Оңтүстік Корея, қоланы тағы бір Қытай спортшысы еншіледі.

    Осы нәтижесі арқылы ол Париждегі Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр.

    Қазіргі бессайыстан алғашқы бестікке енген спортшыларға 2024 жылғы Олимпиада ойындарының лицензиясы беріледі.

    Осылайша, жазғы Азия ойындарындағы алғашқы жолдама қоржынға түсті.

    Азия ойындары: Париж Олимпиадасының жолдамасы қоржынға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.