jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Павел Дегтяров пен Ақмарал Науатбек Паразиада чемпионы атанды

    Ақмарал Науатбек
    Ақмарал Науатбек. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Паразиаданың кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі алтын медаль түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Дегтяров 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жеңімпаз атану үшін 187 келіні бағындырды.

    Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Yang Jinglang 185 келі, ал үшінші орындағы вьетнамдық спортшы An Nguyen 184 келіні еңсерді.

    "Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Сондай-ақ, пара дзюдошы Ақмарал Науатбек ел қоржынына екінші алтынды салды.

    Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарының бас жүлдесіне ие болды. Ақтық сында ол Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

    Ал пара дзюдошы Әнуар Сариев қола медаль иегері атанды.

    Павел Дегтяров пен Ақмарал Науатбек Паразиада чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.