
Ұлттық құрама спортшысы Әйгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Ку Винг Чудан (Қытайдың Гонконгы) басым түсті. Аса тартысты өткен айқастың есебі 15-13.
Әйгерім қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда Вероника Василевадан (Аустралия) басым түсті (15-12).
Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жол берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2092565-aigerim-sarybai-parizh-olimpiadasynyng-litsenziiasyna-qol-zhetkizdi/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.