jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

    "Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Айта кетейік, Елдос Сметов Париж татамиіндегі доданың финалында франциялық дзюдошы Лука Мхеидземен кездесті. 60 кг салмақ дәрежесінде өткен белдесуде Елдос Сметов 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.