jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жастығын сарп етті": ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовке 100 жылқы сыйламақ (фото)

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Фото: Buda Mendes/Getty Images

    Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы атанған Елдос Сметовке ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов 100 жылқы сыйламақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Париж Олимпиадасында 60 келі салмақта сынға түскен Сметов қарсылас шыдатпай, чемпион атанды. Бұл жеңіс күллі қазақ халқын қуантпай қоймады. Ал бүгінде батырын ұлықтауға асыққан адамның санында есеп жоқ.

    Солардың бірі – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылының тумасы Ануар Маханов.

    Маханов көптеген қазақ жанкүйері сияқты Елдостың жеңісіне ерекше қуанып, чемпионға 100 бас жылқы сыйлайтынын айтты. Ол Париждегі қазақ батырымен тікелей сөйлесіп, сыйлығын дайындап қойғанын да жеткізген.

    "Елдос – нағыз қазақ батыры. Ол осы алтынға жету үшін өз жастығын сарп етті. Ата-анасының, қалың елдің үмітін ақтап, жарақатына, көптеген қиындыққа қарамастан, еліміздің байрағын биіктетті. Бізде толып жатқан Олимпиада чемпионы жоқ, сондықтан Елдос батырымыз қандай құрметке де лайықты. Өзім ауыл шаруашылығымен айналысатындықтан, 100 жылқы тарту етемін", - дейді асыл тұқымды жылқы асыраумен айналысатын кәсіпкер Ануар Ақмырзаұлы.

    Ануар Маханов
    Ануар Маханов. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

    Айта кетейік, Елдос Сметов дзюдодан барлық әлемдік атақты иеленген жалғыз қазақстандық спортшы. Ол әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Олимпиаданың күміс, қола және алтын жүлдегері атанған.

    "Жастығын сарп етті": ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовке 100 жылқы сыйламақ (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.