jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа көлік берілді (видео)

    Нариман Құрбановқа көлік сыйлаған сәт.
    Нариман Құрбановқа көлік сыйлаған сәт. Видеодан кадр: Нариман Құрбановқа көлік сыйлаған сәт.

    Отандық компания Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа автокөлік сыйлады. Ақпарат Қазақстан гимнастика федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

    Айта кетейік, Нариман Құрбанов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол Қазақстан қоржынына спорттық гимнастикадан Олимпиада ойындарының тарихи жүлдесін салды.

    "Қазақстандық Allur автомобиль компаниясы оған жаңа Skoda Kodiaq көлігін сыйлады. Осылайша, Нариманның Қазақстан спортының тарихына қосқан үлесі бағаланып отыр", - делінген ҚГФ ресми парақшасында.

    Қазақстан гимнастика федерациясы аталған компанияға отандық спортқа қолдау білдіргені үшін алғыс айтты.

    Айта кетсек, бұған дейін Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов KAZ.NUR.KZ порталына эксклюзив сұқбат берген.

    Сол кезде спортшы әзірге ешқандай сыйлық немесе марапаттар берілмегенін, дегенмен бұл маңызды емес екенін, уақыты келгенде бәрі болады деп ойлайтынын айтқан.

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа көлік берілді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.