jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты: басталатын уақыты мен трансляциясы

    Паралимпиада ойындарының логотипі
    Паралимпиада ойындарының логотипі. Фото: Chesnot/Getty Images

    Бүгін, 28 тамызда Франция астанасы Парижде 2024 жылғы жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Ашылу салтанаты Париждің орталығындағы "Бейбітшілік" алаңында болады. "Салтанат" қақпасынан басталатын ұлттар шеруі де сол жерде өтеді. Шара аясында Паралимпиада алауының эстафетасы аяқталып, 2024 жылғы ойындар ресми түрде ашық деп жарияланады.

    Қазақстанда тікелей эфирді Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан көруге болады. Трансляциялар Астана уақытымен сағат 23:00-де басталып, шамамен үш сағатқа созылады.

    Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл жарыста қазақстандық 44 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия жеңіп алды.

    Премьер министр Олжас Бектенов Паралимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшыларға мемлекеттік туды табыстаған еді. Cондай-ақ параспортшылардың алғашқы легі Парижге аттанған болатын.

    Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты: басталатын уақыты мен трансляциясы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.