jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Телефонымды өшіріп тастадым": Путинцева Олимпиадаға қатыса алмағаннан өзіне тағылған сын туралы айтты

    Юлия Путинцева
    Юлия Путинцева: Matthew Stockman/Getty Images

    Әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Париж Олимпиадасына қатыса алмағаннан кейін сынға қалай шыдас бергені туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Лучший теннисный подкаст" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Еліміздің ең үздік теннисшілерінің бірі жарақатына байланысты Париж Олимпиадасына қатыса алмады. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да денсаулық жағдайына байланысты жарысқа қатысудан бас тартқан болатын. Осы жағдайлардан кейін спортшылар жанкүйерлер тарапынан қатты сынға ұшырады.

    "Лена (Рыбакина) туралы ештеңе білмедім. Байланысқа шықпадық, тіпті жұптасып ойнауды ұсындым, бірақ ол ойнамайтынын айтты. Шевченкомен микст туралы ойлаған едім, бірақ ол да жүзеге аспады. Жекелей сында ғана қатысуым мүмкін екенін түсініп, микст идеясынан бас тарттым, ақыры мүлде ойнамадым.

    Иә, әлеуметтік желіде біраз шабуыл болды, бірақ мен телефонымды өшіріп, тынышталдым. Бір аптадай мүлде кірген жоқпын. Кейін барлық хабарламагы өшіріп тастадым – сонымен болды", - деді Юлия Путинцева.

    Сондай-ақ теннисші оның сауығып кетуіне Қазақстан федерациясы белсенді түрде көмектескенін және ол Париж Олимпиадасына қатыса алатынына соңына дейін сенгенін айтты.

    "Олар маған көмектесті, біз Олимпиадаға бару үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бірақ, иә, бәріміз соңына дейін бәрі жақсы болады деп үміттендік. Мен Париждің өзінде өзімді біршама жақсы сезіндім.

    Иә, үміт болды. Бірақ бір сәтсіз жаттығу өткізгеннен кейін, жағдайдың қиын екенін түсіндім. Егер дәл қазір ойнасам, жыл соңына дейін мүлде қалыпқа келе алмайтынымды, тіпті одан да ауыр жағдай болатынын сездім. Сол себепті бірнеше гейм ойнап, кейін бас тартудың еш мәні жоқ деп шештік. Бұл жағдай ешкімге керек емес еді", - деді Путинцева.

    Айта кетейік, Юлия Путинцева қазіргі таңда WTA-дің рейтингінде 29-орынға жайғасқан. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина аталмыш рейтингтің 6-сатысына жайғасқан. Сондай-ақ Юлия Путинцева сұқбат барысында Қазақстанға көшу себебін де айтып берді.

    "Телефонымды өшіріп тастадым": Путинцева Олимпиадаға қатыса алмағаннан өзіне тағылған сын туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.