RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Екі дүркін Олимпиада чемпионы": тарихта алғаш рет Халықаралық Олимпиада комитетін әйел басқарады

Жарияланған күні:

Кирсти Ковентри
Кирсти Ковентри. Фото: Fabrice Coffrini - Pool/Getty Images

Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында ұйымның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Дауыс беру нәтижесінде жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті атанды.

Осылайша, Кирсти Ковентри ХОК-ті басқаратын алғашқы әйел басшы әрі аталған лауазымға сайланған бірінші Африка құрлығының өкілі болды.

Ал Халықаралық Олимпиадалық комитетін 2013 жылдан бері басқарған семсерлесуден Олимпиада чемпионы Томас Бах қызметінен кетті. Оның қызметтен кететінін биылғы ақпан айында ХОК Атқарушы комитеті қолдаған болатын. Дегенмен, Томас Бах өмір бойына ХОК-тің құрметті президенті болып сайланды.

Томас Бахтың өкілеттігін ресми түрде Кирсти Ковентриге тапсыру рәсімі 2025 жылы 23 маусымда өтеді.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің кезекті сессиясында боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы шешім қабылданған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2229923-eki-durkin-olimpiada-chempiony-tarihta-algash-ret-halyqaralyq-olimpiada-komitetin-aiel-basqarady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif