jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды

    Ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы
    Ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы. Фото: Турзим және спорт министрлігі

    ХХV қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы таныстырылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомстовның мәліметінше, жабдықтың техникалық талаптарын келісу, үлгілерін бекіту және жеткізілетін спорттық киімнің сапасын бақылау мақсатында арнайы жұмыс комиссиясы құрылған.

    Оның құрамына Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ танымал отандық спортшылар кірген.

    Ұлттық құраманың спорттық киімі
    Ұлттық құраманың спорттық киімі. Фото: Турзим және спорт министрлігі

    Жұмыс комиссиясы ұлттық құраманың спорттық киімінің эскизін бекіткен. Қазіргі уақытта бұл эскиз Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтіп жатыр.

    Ұлттық құраманың спорттық киімі
    Ұлттық құраманың спорттық киімі. Фото: Турзим және спорт министрлігі

    Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсіміне арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.

    Ұлттық құраманың спорттық киімі
    Ұлттық құраманың спорттық киімі. Фото: Турзим және спорт министрлігі

    Спорттық киім демеушілер есебінен сатып алынған.

    Ұлттық құраманың спорттық киімі
    Ұлттық құраманың спорттық киімі. Фото: Турзим және спорт министрлігі

    Айта кетейік, ХХV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

    2026 жылғы қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.