jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    2026 жылғы қысқы Олимпиада: Қазақстан құрамасының толық құрамы белгілі болды

    2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының туы
    2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының туы. Фото: Jakub Porzycki/NurPhoto via Getty Images

    Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының толық құрамы белгілі болды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    2026 жылғы 6-22 ақпан аралығында Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиадаға Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы қатысады.

    Қазір Қазақстан еншісінде келесі спорт түрлерінен лицензия бар:

    • Фристайл-могул – Павел Колмаков, Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Анастасия Городко;
    • Фристайл-акробатика – Дінмұхаммед Райымқұл, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан, Аяна Жолдас;
    • Биатлон – екі ер, екі әйел спортшы (баратын спортшылар есімі ұлттық құрама бапкерлер кеңесінен кейін анықталады);
    • Тау шаңғысы спорты – Ростислав Хохлов, Александра Скороходова;
    • Шаңғы қоссайысы – Шыңғыс Ракпаров;
    • Шаңғы жарысы – Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков, Виталий Пухкало, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина;
    • Шаңғымен тұғырдан секіру – Данил Васильев, Илья Мизерных;
    • Конькимен жүгіру спорты – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко;
    • Шорт-трек – Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан;
    • Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина.

    Министрліктің мәліметінше, бұл тек 2025-2026 жылғы маусымдағы лицензиялық кезеңдер нәтижесіндегі көрсеткіш. Алдағы уақытта Халықаралық Олимпиада комитетінің есебінен қосымша жолдамалар берілуі мүмкін.

    Олимпиада лицензиясына қатысты қорытынды ақпарат қаңтардың аяғында белгілі болады.

    Айта кетелік, Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы олимпия ойындарына әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.

    2026 жылғы қысқы Олимпиада: Қазақстан құрамасының толық құрамы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.