jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық банк Олимпиаданың құрметіне коллекциялық монеталар шығарды (фото)

    Ұлттық банк ғимараты
    Ұлттық банк. Фото: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

    Қазақстан Ұлттық банкі "Olympic Games 2026. Short Track" коллекциялық монеталарын шығарды. Монеталар әлі сатылымға шықпады, деп хабарлайды Ұлттық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық банктің мәліметінше, бұл коллекциялық монеталар немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен серіктестік негізде әзірленген.

    Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, дайындау таралымы – 2000 дана.

    "Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады", - делінген хабарламада.

    Коллекциялық монеталар
    Коллекциялық монеталар. Фото: nationalbank.kz

    Ұлттық банк Олимпиаданың құрметіне коллекциялық монеталар шығарды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.