Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың 7 ақпанда жарысқа шығу кестесі
Опубликовано:
Читать на русском
Сенбі, 7 ақпанда Қазақстан атынан шығатын спортшылардың алғашқы легі Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша жарыс кестесін назарға ұсынады.
Олимпиада ойындарына алғаш болып қазақстандық шаңғышылар қатысады. Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина скиатлоннан жарысады. 20 километр қашықтық екі бөлімге бөлінеді: классикалық және еркін стиль.
Артынша конькимен жүгірушілер жарысқа шығады. Қазақстандық Надежда Морозова мен Елизавета Голубева 3000 метрлік қашықтықта медальдар үшін таласады. Олар медаль жеңіп алуы әбден мүмкін. Морозова Әлем кубогы маусымын ұзақ қашықтыққа жүгіруде бесінші орында аяқтады.
7 ақпанда Қазақстан құрамасының жарысқа шығу кестесі:
- 17:00. Шаңғы жарысы. Скиатлон (әйелдер)
Надежда Степашкина (№54), Ксения Шалыгина (№59)
- 20:00. Әйелдер арасында 3000 метрге конькимен жүгіру
Елизавета Голубева (төртінші жұп), Надежда Морозова (жетінші жұп)
7 ақпанда Қазақстан құрамасынан спортшылар қатыспайтын жарыстар кестесі:
Керлинг. Аралас жұптар
14:05
- Ұлыбритания - Канада
- Швейцария - Швеция
18:35
- Эстония - Норвегия
- Оңтүстік Корея - Чехия
- Швеция - Италия
- Ұлыбритания - АҚШ
23:05
- Канада - Эстония
- Чехия - Швейцария
- Норвегия - Италия
Фристайл
14:30.
- Әйелдер арасындағы слопстайл - іріктеу кезеңі
18:00
- Ерлер арасындағы слопстайл - іріктеу кезеңі
Тау шаңғысы
15:30.
- Ерлер арасындағы таудан сырғанау - финал
Хоккей, әйелдер
16:10.
- Германия - Жапония (B тобы)
18:40.
- Швеция - Италия (B тобы)
20:40.
- АҚШ - Финляндия (A тобы)
00:10 (8 ақпан).
- Швейцария - Канада (A тобы)
Шана спорты
21:00.
- Жекелей ойыншылар, ерлер - бірінші және екінші әрекеттер
Шаңғымен трамплиннен секіру
21:45.
- Қалыпты трамплин, жеке біріншілік, әйелдер - финал
Сноуборд
23:30
- Биг-эйр, ерлер - финал
Мәнерлеп сырғанау бойынша командалық турнир
23:45
- Ерлер арасындағы жекелей сырғанай - қысқа бағдарлама
02:05 (8 ақпан)
- Мұзда билеу - еркін би
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2340693-olimpiada-2026-qazaqstandyq-sportshylardyng-7-aqpanda-zharysqa-shygu-kestesi/