jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Олимпиада-2026: Қазақстан туын көтеріп шығу мәртебесі кімге бұйырды (фото)

    Олимпиада-2026
    Олимпиада-2026. Фото: Сали Сабиров пен Тұрар Қазанғапов / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Қазақстан құрамасының өкілдері Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы спортшылар шеруіне қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Тарихта алғаш рет бұл іс-шара бір уақытта бірнеше жерде өтті. Қазақстандық спортшылар Милан, Ливиньо және Предаццо қалаларындағы спортшылар шеруіне қатысты. Командалар шеруі дәстүрлі түрде алфавиттік тәртіппен өтті. Ұлттық құрама Kazakistan атауын көтеріп, шеруде жүріп өтті, бұл еліміздің атауының итальян тілінде жазылуы.

    Олимпиада-2026
    Олимпиада-2026. Фото: Сали Сабиров пен Тұрар Қазанғапов / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Қазақстан құрамасының туын Миланда – ең көп марапатталған шорт-трекші Денис Никиша, ал Ливиньода – фристайл-могул өкілі Аяулым Әмренова көтеріп шықты.

    Олимпиада-2026
    Олимпиада-2026. Фото: Сали Сабиров пен Тұрар Қазанғапов / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Никиша — шорт-тректен (500 метр) екі дүркін әлем вице-чемпионы. Әмренова - фристайл бойынша ұлттық құрама мүшесі және 2025 жылғы Универсиаданың параллель могулдан күміс жүлдегері.

    Олимпиада-2026
    Олимпиада-2026. Фото: Сали Сабиров пен Тұрар Қазанғапов / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын сегіз спорт түрінен барлығы 36 спортшы қорғайды.

    Еске салсақ, 7 ақпанда Қазақстан атынан шығатын спортшылардың алғашқы легі Италияда өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша жарыс кестесін назарға ұсынды.

    Олимпиада-2026
    Олимпиада-2026. Фото: Сали Сабиров пен Тұрар Қазанғапов / Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Олимпиада-2026: Қазақстан туын көтеріп шығу мәртебесі кімге бұйырды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.