2026 жылғы Олимпиада ойындарының алғашқы чемпионы анықталды
Опубликовано:
Читать на русском
Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы медальдар жиынтығы табысталды. Швейцария құрамасының өкілі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін 7 ақпанда шапшаң түсу жарысындағы ең мықты шаңғышылар анықталды. Жарыс Бормиодағы Стельвио беткейінде өтті.
Швейцариялық Франьо фон Альмен жарыста қашықтықты 1 минут 51,61 секундта еңсеріп, жеңіске жетті. 24 жастағы спортшы Олимпиада ойындарындағы дебютінде алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол соңғы әлем чемпионатында, соның ішінде шапшаң түсу жарысында екі рет жеңіске жеткен болатын.
Ал күміс пен қола жүлделер, сәйкесінше италиялық Джованни Францони (+0,2 секундқа кейін келді) мен Доминик Париске (+0,5) бұйырды. Екеуі де Олимпиада ойындарында тұғырға алғаш рет шықты. Францони бұл жарыста дебют жасады, ал Парис жарысқа бесінші рет қатысып отыр.
Әлем кубогының жалпы есеп бойынша көшбасшысы швейцариялық Марко Одерматт төртінші орынға (+0,7) ие болып, жүлделі орынға сәл жетпей қалды.
2026 жылғы Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады. Барлығы 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2340760-2026-zhylgy-olimpiada-oiyndarynyng-algashqy-chempiony-anyqtaldy/