2026 жылғы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы легі жарысқа түсті
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында жарысқа түсті. Құрамада алғаш болып шаңғышылар жүлдеге таласты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Шаңғы жарысы скиатлоннан басталды. Спортшылар 10 км қашықтықты классикалық стильде, содан кейін еркін стильде еңсерді.
Швециялық Фрида Карлссон айқын жеңіске жетті. Ол айтарлықтай басымдыққа ие болып, өз елінің туымен мәреге жетті. 26 жастағы спортшы алғаш рет Олимпиада чемпионы атанды.
Швецияның тағы бір өкілі Эбба Андерссон күміс медаль жеңіп алды (+51,0 секундқа кешірек келді). Үшінші орынды норвегиялық Хайди Венг (+1:26,7) иеленді.
Қазақстан намысын скиатлонда екі спортшы қорғады: Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина. Екеуі де жарыс соңында көшбасшыдан бір айналым артта қалып, жарыстан шығарылды.
Степашкина алғашқы метрлерде құлап қалды. Ол қорытынды есепте үздік 60 спортшы қатарына енді. Шалыгина 53-орынға жайғасты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2340772-2026-zhylgy-olimpiadada-qazaqstandyq-sportshylardyng-algashqy-legi-zharysqa-tusti/