Қазақстандық спортшы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында үздік алты конькиші қатарына енді
Опубликовано:
Читать на русском
Конькимен сырғанау бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Надежда Морозова 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында алтыншы орынды иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл жарыстағы алғашқы медальдар жиынтығы әйелдер арасында 3000 метрге жүгіру кезінде сарапқа салынды. Морозова 4 минут 1,20 секунд уақыт көрсетіп, алтыншы орынды иеленді.
27 жастағы қазақстандық Олимпиада ойындарында мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында ол 11-орыннан жоғары жылжымаған болатын.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Елизавета Голубева үздік ондықтың қатарына енді (4:03.30). Елизавета да Морозова секілді Олимпиадаға осымен екінші рет қатысып отыр.
Италиялық Франческа Лоллобриджида бұл жарыста жеңіске жетіп, Олимпиада рекордын орнатты (3:54.28). 35 жастағы спортшыда бүгінгі таңда Ойындардың толық медальдар жиынтығы бар – бір алтын, бір күміс және бір қола.
Екінші орын норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды (+2,26 секундқа кейінірек келді). Қоланы канадалық Валери Мальте (+2,65) иеленді.
Конькимен сырғанаушылардың жарысы Миланда өтіп жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2340795-qazaqstandyq-sportshy-2026-zhylgy-olimpiada-oiyndarynda-uzdik-alty-konkishi-qataryna-endi/