jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шайдоров медальға таласады: 13 ақпанда қазақстандықтардың Олимпиадада жарысқа шығу кестесі

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: Tang Xinyu/VCG via Getty Images

    Жұма, 13 ақпанда 2026 жылғы Олимпиада ойындарында жеті медаль жиынтығы сарапқа салынады. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша Қазақстан спортшыларының жарысқа шығу кестесін назарға ұсынады.

    Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында 13 ақпанда медаль жеңіп алу мүмкіндігі ең жоғары спортшы — Михаил Шайдоров. Қысқа бағдарламадан кейін ол италиялық Даниэль Грасслдан бір ұпайға артта қалып, бесінші орынға тұрақтады. Ал үздік үштікке дейін айтарлықтай ұпайлар жетпейді, десе де соңғы нәтиже қандай болары тек еркін бағдарламада ғана белгілі болады.

    Биатлоншылар спринт жарысында бақ сынайды. Егер қазақстандық спортшылар алғашқы 60-тыққа кірсе, онда ізге түсу түріндегі жарысуға жолдама алады. Олай болмаған жағдайда, бұл олардың 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы соңғы жарысы болмақ.

    Шаңғы жарысы

    15:45. Жеке жарыс, жекелеген старт, 10 км, еркін стиль (ерлер)

    • Әмірғали Мұратбеков (№51), Наиль Башмаков (№53), Виталий Пухкало (№57)

    Биатлон

    18:00. Ерлер арасындағы спринт, 10 км

    • Әсет Дүйсенов (№12), Владислав Киреев (№72)

    Мәнерлеп сырғанау

    23:00. Еркін бағдарлама (ерлер)

    • Михаил Шайдоров (бастапқы нөмірі 20)

    Шайдоров медальға таласады: 13 ақпанда қазақстандықтардың Олимпиадада жарысқа шығу кестесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.