Конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2026 жылғы Олимпиадада екінші рет үздік ондыққа енді
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта өнер көрсетті, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Отандасымыз 7:04.81 уақытта мәреге жетіп, оныншы орынға тұрақтады.
Италия спортшысы Франческа Лолобриджида Олимпиада чемпионы атанды — 6:46.17. Ол осы Олимпиада ойындарында екінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Бұған дейін 3000 метрде де жеңіске жеткен еді.
Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Мерел Конейн (6:46.27) еншілесе, қола медаль Норвегия спортшысы Рагне Виклундқа бұйырды — 6:46.34.
Айта кетейік, Надежда Морозова осылайша тағы да үздік ондықтың қатарына енді. Бұған дейін ол 3000 метрде алтыншы, ал 1000 метрде 14-орын алған еді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы 1500 метр қашықтықта да бақ сынайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2343041-konkimen-zhugirushi-nadezhda-morozova-2026-zhylgy-olimpiadada-ekinshi-ret-uzdik-ondyqqa-endi/