Шайдоровтың алтынынан соң Олимпиададағы жалпы есепте Қазақстан нешінші орында
Опубликовано:
Читать на русском
Михаил Шайдоровтың жеңісінен кейін Қазақстан құрамасы 2026 жылы Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының медальдар саны бойынша жалпы есебінде алғашқы 15 ел қатарына енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
21 жастағы мәнерлеп сырғанаушы ерлер арасындағы жекелей сында жеңіске жетті. Бұл — 2018 жылдан бері Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарында алған алғашқы медалі және 1994 жылы Лиллехаммердегі шаңғышы Владимир Смирновтың жеңісінен кейінгі тарихтағы екінші алтын медаль.
Биылғы Ойындардың жалпы есебінде команда қазір Ұлыбританиямен бірге 15-орынды бөлісіп тұр. Айта кетсек, британиялықтар да алдыңғы жарыс күнінде скелетоншы Мэтт Уэстонның күш-жігерінің арқасында алтын медаль еншіледі.
Жалпы есепте Норвегия көш бастап тұр (8 алтын, 3 күміс, 7 қола). Ал екінші және үшінші орындарға Италия (6-3-9) мен АҚШ (4-7-3) жайғасқан.
Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындары 22 ақпанға дейін жалғасады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2343514-shaidorovtyng-altynynan-song-olimpiadadagy-zhalpy-esepte-qazaqstan-neshinshi-orynda/