jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Медаль алуға мүмкіндік бар: 14 ақпанда қазақстандықтардың Олимпиадада жарысқа шығу кестесі

    Фристайл-могул
    Фристайл-могул. Фото: Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің баспасөз қызметі

    14 ақпан, сенбіде 2026 жылғы Олимпиада ойындарында сегіз медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстанның бірнеше спорт түрінен медаль алуға мүмкіндігі бар. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша Қазақстан спортшыларының жарысқа шығу кестесін назарға ұсынады.

    Фристайлшылар параллель могул жарыстарында бақ сынайды. Қазақстандық Анастасия Городко – осы спорт түрінен екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері.

    Конькишілер арасында Олимпиада бағдарламасындағы ең қысқа қашықтық болып саналатын 500 метрлік жарыста үздіктер анықталады. Қазақстандық Евгений Кошкин бұл жарыста бірнеше рет әлем кубогының жүлдесіне ие болған.

    Әзірге ұлттық құраманың қоржынында Олимпиада ойындарының бір медалі бар, оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алды.

    Тау шаңғысы

    14:00 Гигант слалом - Бірінші жүгіру (ерлер)

    17:30 Гигант слалом - Екінші жүгіру (ерлер)

    Ростислав Хохлов (№ 68)

    Фристайл-могул

    14:30 Параллель могул (әйелдер)

    Анастасия Городко (№8), Аяулым Әмренова (№22), Юлия Галышева (№16)

    Шаңғы жарысы

    16:00 Эстафета, 4х7,5 км (әйелдер)

    Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Надежда Степашкина, Дарья Ряжко - №12

    Биатлон

    18:45 Спринт, 7,5 км (әйелдер)

    Айша Ракишева (№83), Милана Генева (№90)

    Конькимен жүгіру

    20:00 Командалық із кесу сайысы (әйелдер)

    Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко

    21:00 500 метр (ерлер)

    Евгений Кошкин

    Шаңғымен тұғырдан секіру

    21:30 Биік тұғыр (ерлер)

    Данил Васильев (№19), Илья Мизерных (№20)

    Шорт-трек

    01:00 (15 ақпан). 1000 метр (әйелдер)

    Ольга Тихонова

    Медаль алуға мүмкіндік бар: 14 ақпанда қазақстандықтардың Олимпиадада жарысқа шығу кестесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.