Шаңғышы Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тарихында үздік нәтиже көрсетті
Опубликовано:
14 ақпанда шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерных 2026 жылғы Олимпиада ойындарында сегізінші орын алып, Қазақстан тарихында үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
14 ақпанда Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды.
Ақтық бәсекеде ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады.
Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орында жарысты аяқтады. Ал Данил Васильев 235,9 ұпай жинап, 27-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Мизерных тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Домен Превц (Словения) Олимпиада чемпионы атанды - 301,8 ұпай. Жапониялық Рэн Никайдо (295,0 ұпай) күміс жүлдегер атанса, Польша өкілі Кацпер Томащак үздік үштікті түйіндеді - 291,2.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2343756-shanggyshy-ilia-mizernyh-2026-zhylgy-olimpiada-oiyndarynda-qazaqstan-tarihynda-uzdik-natizhe-korsetti/